ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
Осындай тақырыпта аудандық мәдениет Орталығының ұйымдастыруымен Әйелдер істері және отбас-демографиялық саясатты жүзеге асыру бағытында аудандық отбасылар байқауы өттді. Бұл туралы Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен хабарлады.
Үлгілі отбасыларды кең түрде насихаттау бағытында өткен сайысқа онға тарта отбасы қатысып, өзара бақ сынасты. Олар «Отбасым-Отаным» деп аталатын кезеңде өздерін таныстырып, «Ұлттық дәстүр - отбасымның дінгегі» атты кезеңде қазақтың салт–дәстүрінен үзінді көрсетті және «Өнерлі отбасы» кезеңінде отбасы мүшелері өз өнерлерін ортаға салды, сондай-ақ «Мерейлі отбасы қандай болуы керек?» деген тақырыпта әрбір отбасы өз идеялары бойынша сахналық көрініс дайындап халық назарына ұсынды. Талапкер отбасылардың өнерін сарапқа салып таразылаған қазылар алқасы аудан активтерінен құралды.
Нәтижесінде Басықара аулынан қатысқан Мырзатаевтар отбасы жан-жақты дайындығымен ерекшеленіп, бас жүлдені жеңіп алса, Тасарық аулынан қатысқан Шамарановтар отбасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Бірлік аулынан келген Құтжановтар отбасы және Лақалы аулынан келген Мақсатбаевтар отбасы иеленді, үшінші орынды Жанқожа батыр аулынан қатысқан Сұлтанбаевтар отбасы мен Шәкен аулынан қатысқан Сазанбаевтар отбасы өзара бөліске салды. Сондай-ақ, бірқатар талапкер отбасылар арнайы номинациялармен марапатталды және жүлдегерлерге Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.