ҚАЗАЛЫДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жиында қазақтың байтақ даласы ежелден бері мал өсіруге қолайлы қоныс болғандығын, сондықтан ата-бабамыз осы кәсіп түріне ерекше мән бергендігін айтқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ендігі кезекте осы саланы заманға сай дамытудың жаңа мүмкіндіктері қалыптаса бастағандығын атап көрсетті, деп хабарлайды ауданның баспасөз қызметінен.
Бүгінде мал шаруашылығын дамыту мәселесіне мемлекет үлкен көңіл бөлуде. Соған сәйкес ауданда мал басының өсімі мен оның өнімі жылдан-жылға молайып келеді. Мал шаруашылығын дамытудың басымдыққа ие бағытының бірі «Құлан» бағдарламасы болып табылады. Мақсаты - етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайту.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы К.Назымбековтің айтуынша, биылғы жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазалы несие» КС арқылы 12 шаруа қожалығы 306 бас аналық бие, 51 бас асыл тұқымды айғыр сатып алған.
Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі Н.Шамұратов мал шаруашылығын дамытуға сәйкес, қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламалар негізінде жұмыс жасауын ұйымдастыруды, мал басын көбейтуді қамтамасыз етуді, «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» бағдарламаларында белгіленген көрсеткіштерді орындауды тапсырды.