ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ - ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ТІРКЕЛУІ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА
Бұл туралы аудан әкімі Нажмадин Шамұратов төрағалық еткен салық салу базасын ұлғайту жөніндегі жиында мәлім болды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Салық салу базасын ұлғайту мақсатында ауданда 3 жедел топ құрылған болатын. Олар құрылыс объектілерінде тіркелмей жұмыс жасап жүрген бригадаларды анықтауда бірқатар жұмыстар атқарған. Сондай-ақ, елімізге жұмыс істеуге келген шетел азаматтарына қатысты да рейдтік жұмыстар жүргізілген. Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ф.Қожабергеновтің айтуынша, шетел азаматтары елге келгенде көп жағдайда «жеке мақсатқа» деп тіркеліп, ал нақты жағдайда табыс табу үшін келетіндігі жасырын емес. Осы ретте миграция полициясымен бірлесе жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде шетел мигранттарынан алынатын табыс салығында биылғы жыл өсім байқалады.
Кассалық машинаны қолданбай сауда жасаушылар да жедел топтың бақылауында. Рейдтік тексерулер нәтижесінде чексіз сауда жасайтын 40 салық төлеуші анықталған.
Және такси қызметімен айналысатын кәсіпкерлерге де тіркелу жөнінде рейдтік жұмыстар жүргізіліп, олар өз нәтижесін беруде. Қызылорда облысы бойынша аудандар арасында жолаушы тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкерлердің тіркелуі бойынша Қазалы ауданы бірінші орынға шығып отыр.
Жиын соңында аудан әкімі Н.Шамұратов жедел топтардың мүшелерін қайта жасақтап, түсіндірме жұмыстарын жандандыруды тапсырды.