ҚАЗАЛЫДА ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ СЫНҒА ТҮСТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» жобасы аясында өзге ұлт өкілдері арасында «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем» байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Оған 14-16 жас аралығындағы 10-ға тарта талапкер қатысты. Сайыс шарты бойынша оқушылар Қазақстан халқының бірлігіне арналған эссе жазудан және өлең шумақтарын мәнерлеп оқудан өзара тартыста түсті. Сарапшылар үміткерлерді бағалау кезінде олардың қазақ тілінде таза сөйлеуіне, жазу сауаттылығына, мазмұнына назар аударып, әділ бағаларын берді.
Нәтижесінде І орынды №16 мектептің 11-сынып оқушысы Светлана Коволенка жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Жүлделі ІІ, ІІІ орындарды №16 мектептің 9-сынып оқушысы Динара Шадымұратова пен №266 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Алишер Розметов иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.