ҚАЗАЛЫЛЫҚ БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ 84,5 ПАЙЫЗЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Өткен оқу жылының қорытындысына қарасақ, Қазалы ауданында 3 пен 6 жас аралығындағы 4400-ден астам баланың 84,5 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және мектепалды даярлықпен қамтылған.
Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 77 пайыз болатын. Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 8 балабақшаға 11 млн. 816 мың теңгеге «Монтессори» кабинеттері, сондай-ақ ойын алаңдары пайдалануға берілді.
Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, бүгінде Қазалыда 22 балабақша жұмыс істейді. Соның 18-і – мемлекеттік, 4-уі – жеке балабақша болса, 31-і – шағын орталық.