ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР АУЫЛ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Қазалы кентінде Ауыл күніне орай тағылымды шара өтті. №204 мектеп ұжымы мұрындық болып, туған өлкені аялау, салауатты өмір салтын насихаттау, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет жасау, тазалық сақтау, марқұмдарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған шараға ауыл ардагерлері және басқа да ел азаматтары демеушілік көрсетін, халықтың ризашылығына бөленді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Екі күндік шараға көршілес аудандардан, облыс орталығынан, сондай-ақ басқа да облыстардан арнайы келген ауданның түлектері қатысып, туған жерге деген құрметін көрсетті.
«Ауыл күні» осы аумақта көптен бері төсек тартып жатқан жандардың үйлеріне кіріп, көңілін сұраудан бастау алды. Келесі күні мектеп ауласындағы салтанатқа адам мол жиналды. Шараны ашқан кент әкімі Самат Аманов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов бүгінгі жүздесудің ұрпақ тәрбиесіне тигізер маңызына, адамгершілік, имандылық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыруға тигізер септігі молдығына кеңінен тоқталды. Келесі кезекте жергілікті өнерпаздар күшімен қойылған концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, тоқсаннан асқан Жылкелді Нұржігітов, Жақсылық Назаров секілді абыз ақсақалдарға сый-сияпат көрсетілді. Той ән-күймен, спорттық ойындармен жалғасты. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Шара соңында дастарқан жайылып, құран оқылды.