ҚАЗАЛЫЛЫҚ БИЗНЕС-ЖОБАЛАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНА ЕНГІЗІЛДІ
«Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысының барлық аудандарында шағын кәсіпкерлерге пайызсыз және кепілсіз несие беру жұмыстары аясында тұрақты дамуға мүмкіндік беретін инклюзивті, инновациялық, «жасыл» бизнес-жобаларды және экологиялық және этникалық туризмді дамытуға бағыталған бизнес-жобалардың конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдауды 2015 жылдың тамыз айынан бастады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қоғамдық бірлестік Қызылорда облысындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының «Аймақтық экономикалық даму және тиімді басқару» бағдарламасының операторы болып табылады.
Аталған конкурсқа Қазалы ауданы бойынша 8 жоба қатысып, оның ішінде 2 жоба қолдау тапты. Қазіргі таңда, жобалар қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіліп, жұмыстар жасауда:
1. «Ханшайым» ЖШС тарапынан «Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу үшін дені сау балалармен бірге білім беру» жобасы бойынша 1,5 млн.теңге несие қаражатын алып, жұмыс жасауда;
2. «Зере» оқу орталығы» ЖШС тарапынан «Оқу орталығының жұмысын кеңейту» жобасы бойынша 1,5 млн.теңге несие қаражатын алып, жұмыстар жүргізуде.