«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ – МҰСТАФА ШОҚАЙ» МҮШӘЙРАСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ҚАЗАЛЫЛЫҚ АҚЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында түркі әлемінің көсемі, қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік жаршысы – Мұстафа Шоқай» атты облыстық жазба ақындардың жыр мүшәйрасы өткен болатын. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан іріктелген 20-ға жуық ақын қатысып, бас жүлдені қазалылық Есет Табынбаев жеңіп алды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мүшәйраның мақсаты Алаш қозғалысының төл перзенті Мұстафа Шоқайдың отанына деген шын махаббатын, ерлігін үлгі ету, кейінгі жастарға жыр тілімен ұғындыру болып табылады.
Мүшәйра шарты бойынша талапкер ақындар арнау өлеңдері мен еркін тақырыптағы жырларын оқыды. Сондай-ақ, Қазалы ауданынан қатысқан Ғабит Кәдірбаев жүлделі ІІІ орынды иеленді.