АУДАН ӘКІМІ ҒАНИ МҰРАЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қазалы ауданы әкімі Нажмадин Шамұратов Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушы Ғани Мұратбаевтың Қазалы қаласындағы тарихи-мемориалдық мұражайында болып, жұмысымен танысты. Және ғимараттың бүгінгі жай-күйін мұражай қызметкерлерімен талқылады. Бұл туралы аудан әкмінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мұражайдың І және ІІ залы Ғани туған өлке – Қазалының тарихына арналады. ІІІ-VI залдар экспозициясы оның балалық шағы мен қызмет еткен уақыты туралы. VII зал Ғаниді ақтық сапарға шығарып салу сәтіне және Ғанидің замандастары мен ізбассарларына арналған.
Ең соңғысы Тәуелсіздік зал болып табылады. Онда Елбасы мен Елбасының бағадараламары, рәміздер Желтоқсанның құрбандары, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері және Астана туралы фотосуреттер мен мәліметтер берілген.
Айта кетейік, мұражай өзінің алғашқы келушілерін 1968 жылы қабылдаған болатын.