ҮШ ТІЛДІ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН ҚАЗАЛЫЛЫҚ ГЮЗАЛ
Үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау мақсатында өткізілген «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты облыстық олимпиада қазалылық Гюзал Бержан 2-орын иеленді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Гюзал - №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы. Олимпиадаға 16-22 жас аралығындағы Қызылорда қаласы мен аудандардан іріктелген 20-ға жуық талапкер қатысып, берілген тақырыптың мазмұнын ашу, эссе жазу және мәтінге іліспе аударма жасау бойынша үш кезеңнен өзара сынға түсті.