ҚАЗАЛЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР
Биылғы жаңа оқу жылынан бастап ауданымыздағы білім беру саласында оң өзгерістер болып жатыр. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Білім беру ұйымдарын электронды оқыту жүйесіне көшіру жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда аталмыш жүйе бойынша бірқатар мектептер эксперимент ретінде жұмыстарын бастап та кетті.
Бұл өз кезегінде білім сапасын арттыру мен негізгі көрсеткіштерді күшейтуге септігін тигізбек. Сондай-ақ, дарынды жастардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту үшін қосымша білім беру ұйымдарының желісі артатын болады. Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын және әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік, ол - үш тілде оқыту әдісі.
Осыған сәйкес, ауданымыздағы білім беру ұйымдары үш тілділік жобасына кезең-кезеңімен ендірілетін болады. Қазіргі таңда №249 мектеп-лицей ұжымы бірнеше тілді меңгерген тұлғаны дамыту мен қалыптастыру жолында бұл жобаны бастап кетті.