ҚАЗАЛЫЛЫҚ ШАРУАЛАР 2015 ЖЫЛДЫҢ «ОЗАТ ЖАТКА МАШИНИСІ» ЖӘНЕ «ОЗАТ КҮРІШ ӨСІРУШІСІ» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев "Алтын күз-2015" мерекесінің салтанатты жиынында ауыл шаруашылық саласын дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтіп, саладағы еңбек озаттары мен үздік аудандарды марапаттады. Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың «Озат жатка машинисі» мен «Озат күріш өсірушісі» атағына қазалылық шаруалар ие болды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Алтын күз-2015" мерекесінде "Озат жатка машинисі" атанған Қайырбек Бекетов "РЗА-Агро" ЖШС-де механизатор болып жұмыс жасайды. Ол «Джон-Дир» маркалы жатка машинасымен 1650 га күрішті дестеге салған. Бұған дейін де 5 жыл қатарынан ауданда озат жаткист атанып жүрген азаматтың бұл сала бойынша жұмыс өтілі 32 жыл.
Ал, «Озат күріш өсірушісі» номинациясын иеленген Айбек Тулеуов өзіне бекітілген 85 гектар күріш дақылының әр гектарынан 63,0 центнер өнім жинаған.
2006 жылдан бері «Сыр Маржаны» ЖШС сушы болып қызмет атқарады.