ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
Қазалыда Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық кеңесін сайлауға байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы өз жолдауында «Шағын және орта бизнес-біздегі жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі» екенін атап өткен болатын. Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты бірнеше бағытта шаралар жүзеге асырылуда.
«Бүгінгі әлемдік дағдарыс жағдайында бар жұмыс орындарын сақтап қалу, жергілікті жағдайға бейімделіп, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету бағытындағы кәсіп түрлерін ашу, негізінен өнім өңдеуге, өндіруге басымдық берілуде. Бұған Қазалы ауданының әлеуеті мен мүмкіндігі жеткілікті», - деді аудан әкімі Бақыт Жақанов.
Бүгінгі таңда аудан экономикасының дамуына оң ықпал етіп отырған шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушылар саны 3547 бірлікті құрап, онда жұмыспен қамтылған адамдар саны 8185-ке жетіп отыр. «Бұл облыс көрсеткішінің 10,8 пайызын құрайды. Ал нақты кезеңде өнеркәсіп саласында шығарылған өнім көлемі жылдан-жылға артып келеді», - деді Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палптасының директоры Дінмұхаммед Әбсаттаров.
Мәжіліс барысында Қазалы ауданының кәсіпкерлер палатасының директоры Ермек Аймаханов аудандық кеңес мүшелігіне үміткерлер тізімін ұсынды. Аудандық кәсіпкерлік кеңестің төрағасы болып Мнажадин Өтеев сайланды.