ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҚАЗАЛЫДА БАБАЛАР ТОЙЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қазалыда Ақтан батырдың 245 және Бекарыстан бидің 250 жылдық мерейтойы басталды. Алдымен аудан әкімі Н.Шамұратов бастаған топ кенттегі «Жанқожа батыр» кесенесінде болып, бабалар рухына құран бағыштады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мерейтойға еліміздің түкпір-түкпірінен келген құрметті қонақтар Ақтан батыр мен Бекарыстан би ауылдарына жол тартып, бабалар ауылындағы шараларға қатысты. Мерейтойға орай батыр мен би атын иемденген ауылдарда биылғы жылы біршама жұмыстар атқарылды. Ақтан батыр ауылының кіреберіс қақпасы мен батыр атындағы кесенеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалыпқа келтірілді.
Сондай-ақ, Бекарыстан би ауылындағы Тәуелсіздік алаңында орналасқан бидің ескерткіші биіктетіліп, мәрмәр таспен қапталып, жаңаланды.