АҚТАН БАТЫР АУЫЛЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ
Қазалы ауданында халық игілігі үшін осыған дейін жұмыс жасап келген көне мешіт 1924 жылы Әзілхан ишанның тапсырмасымен салынған болатын. Ал кәсіпкер ықпалымен салынған жаңа мешіт Ақтан батырдың 245 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріліп отыр. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жаңа мешіттің ашылу салтанатында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов:
«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін осы елді, осы жерді қорғаған Ақтандай қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз. Бүгінгі тойды өткізудегі басты мақсат та - батыр бабаларымызды еске алып, олардың өмірі мен ерлігін насихаттау»,- деп, батыр ауылындағы Әзілхан Ишанның есімін иеленген мешіттің халықтың рухани құндылығын нығайтуға қызмет етуіне тілектестігін білдірді. Және ишан ұрпағы Сәлім Нарымбетов жомарт жанға алғысын айтып, халықты бабалар тойымен құттықтады.
Жиналған қауым арнайы жайылған астан дәм татып тарқасты.