ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Қазалыда үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау мақсатында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты аудандық олимпиада өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Оған 16-22 жас аралығындағы 20 талапкер қатысып, өзара сынға түсті. Сайыс берілген тақырыптың мазмұнын ашу, эссе жазу және мәтінге іліспе аударма жасау бойынша үш кезеңнен тұрды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлан Қалиев, №70 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жанат Бегалы, №249 мектеп-лицейдің орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлмира Ақбаева, №234 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.Арзиева қатысушылардың білім деңгейін сарапқа салып, әділ бағаларын берді.
Нәтижесінде Гюзал Бержан І-орынды жеңіп алып, облыстық олимпиадаға жолдама алды. Жүлделі ІІ-орындарды Мақпал Әбдікерім, Айдана Бақберген иеленсе, ІІІ-орындарды Арман Шынтемір, Ақтолқын Бек, Бағнұр Мықтыбай алды. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.