ҚАЗАЛЫДА КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРЕТІН КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Қазалыда «Кәсіптік білім және бизнес. Әріптестер сұхбаты" VI облыстық еңбек форумы өтті. Форум барысында Қызылорда қаласы және облысымыздың барлық аудандарындағы кәсіптік білім беретін колледж ұжымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Еңбек форумының пленарлық мәжілісіне облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы, облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев және аудан әкімі Н.Шамұратов қатысты.
"Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім жүйесінің бизнеспен серіктестікті дамыту үшін жақсы жақтары жеткілікті. Осы мүмкіндіктерді пайдалану қажет деп санаймын. Бұл орайда бүгінгі Форум ынтымақтастығымызды ілгерілету үшін жаңа идеялардың туындауына арқау болмақ" - деген аудан басшысы Нажмадин Шамұратов форумға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Форум барысында кәіптік білім беруге қатысты бірқатар мәселелер кеңінен талқыланып, оқу орны және серіктестіктер арасында байланыс орнату мақсатында бірнеше келісімшарттарға қол қойылды.