ҚАЗАЛЫНЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІ АРТУДА
Жыл басынан бері аудан бойынша 106 жеке тұрғын үй салынған. Ал аудан орталығында кәсіпкерлік мақсаттағы 11 құрылыс нысандары салынуда. Бұл туралы әкімдік мәжілісінде аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Теміров баяндады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Әйтеке би кентіндегі екі қабатты үйлер орналасқан «Мелиоратор» мөлтек ауданын абаттандыру жұмыстарының жобасы жасалған. Жоба бойынша светодиотты жарық шамдар орналастыру, көшеттер мен гүлдер егу, ішкі аула жолдарына асфальт төсеу, шағын көленкелі демалыс орындарын орнату жұмыстары атқарылатын болады.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов бұл мәселелерге қатысты құрылыстық регламенттер талаптарының сақталуын қадағалап, қызыл сызықты бұзу, рұқсатсыз құрылыстар салу, пандустардың талапқа сай орналаспауы сынды заң бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.