ҚАЗАЛЫДА КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІ САЙЫСТЫ
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен аудандық мәдениет Орталығының ұйымдастыруымен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өткізілді. Қазақ халқының тарихына арналған көркем шығармалар арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу бағытында өткен шараға 16-22 жас ерекшелігі бойынша отыздан аса көркемсөз оқу шеберлері қатысты. Олар байқаудың бірінші кезеңінде қазақтың белгілі ақын-жазушыларының қазақ тарихына арналған кез-келген жанрдағы шығармасын оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы шығармаларды нақышына келтіріп оқыды. Сондай-ақ, қатысушылардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, шығарманы таңдау талғамына, сахнада өзін ұстауына, киім үлгісіне баса назар аударылды. Байқауға қатысқан талапкерлердің өнерінеаудандық кітапхананың бөлім меңгерушісі Елдесбай Мағрипа, Әйтеке би кенттік клубының меңгерушісі Асқар Кенже-Әлі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы Әжімұрат Бекзат баға берді.
Нәтижесінде Әйтеке би кентіндегі №226 гимназияның 11-сынып оқушысы Әбдісамит Қаракөз бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Бекарыстан би ауылдық №24 мектептің 11-сынып оқушысы Өмірзақ Назерке, Жанқожа батыр ауылдық №94 мектептің 9-сынып оқушысы Кемал Феруза, үшінші Әйтеке би кентіндегі орынды №204 мектептің 10-сынып оқушысы Қарлыбай Гүлнұр, №70 мектептің 10-сынып оқушысы Әбілдос Рамазан, Бозкөл ауылдық №96 мектептің 9-сынып оқушысы Нұрғали Шерхан иеленді. Бір топ көркемсөз оқудың шеберлері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Бекзат Қазиқызы,
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің инспекторы
Бекзат Қазиқызы,
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің инспекторы