ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАУБАЙХАНА ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Кәсіпкерлер нан өнімдерін нарыққа сай түрлендіріп, оны өтімді етудің жолын тапқан. Қазалы қаласындағы наубайханада стандартты бөлкеден бөлек, тәтті тоқаштардың түр-түрі пісіріледі. Бүгінде бұл наубайхананың пісірген өнімдеріне сұраныс жоғары.
Наубайхана иесі кәсібін осыдан 3 жыл бұрын «Нұрсұлтан» сауда орталығын салудан бастаған. Азық-түлік тауарларын сататын орын мен наубайхана бірінші қабатта орналасқан. Енді екінші қабатын түрлі қызмет көрсететін орындарға бейімдеп, сауда орталығын пайдалануға бермек.
Сондай-ақ, 2012 жылы сауда саласы қызметі бойынша кәсіптерін бастаған Қазбергеновтар отбасы бүгінде кондитер өнімдерін өндіру цехының иелері. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келе жатқан кәсіпорын «Қазалы» конфеті өнімдерін шығарады.
Өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында несие алып, конфет өнімдерін өндіретін заманауи құрал-жабдықтар алып, цех жұмысын кеңейтті. Кәсіпорын шығаратын кондитер өнімдерінің дәмі мен сапасы тұтынушылардың тарапынан өте жоғары бағалануда.
Өндіріс өнімдері көптеген байқаулар мен көрмелерде марапатталды.