ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ
Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне биыл 550 жыл толып отыр. Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр. Осы мақсатта аудандық мәдениет Орталығында «Елдігім - теңдігім» атты тақырыпта патриоттық әндер байқауы өткізілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ән додасына аудан бойынша 15-30 жас аралығындағы отыздан аса талапкер қатысып, өзара бақ сынасты. Олар бірінші кезеңде қазақ хандығы тақырыбы аясындағы пстриоттық әндер орындаса, екінші кезеңде өз таңдаулары бойынша еркін тақырыптағы әндерді орындады. Орындаушылардың репертуар таңдауына, орындау шеберлiгiне, әннiң оранжировкасына, сахна мәдениетiн игеруіне, киiм кию үлгісіне назар аударылды. Қас өнерді бағалауда аудандық оқушылар үйінің қызметкері Қарымсақова Нағима, аудандық мәдениет Орталығының қызметкерлері Досан гүлбану мен Әділ Мұрат төрелік жасады.
Қазылар алқасының шешімімен нәтижесінде Бас жүлдені әйтеке би кентінен қатысқан талапкер Әбілов Самат иеленсе, бірінші орынды Ү.Түктібаев ауылынан қатысқан өнерпаз Сариев Әмір, екінші орынды Бірлік ауылынан қатысқан Құтжанова Гүлсая мен Тасарық ауылынан қатысқан Сахиев Асылхан, үшінші орынды Қожабақы ауылынан жеткерген Айсұлу мен Қазалы қаласынан Құдабаев Еркін өзара бөлісті. Жүлдегерлер арнайы Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бір топ өнерпаздарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.