«ТАЗАЛЫҚ КЕРУЕНІ» АТТЫ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың бірі - мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі белгіленіп көрсетілген.
Қазалы аудандық прокуратурасының бастамасы бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қатысуымен білім беру ұйымдарында жаппай тамақтан улану фактілерінің алдын алу және болдырмау мақсатында тыйым салынған тағам өнімдері, санитариялық талаптардың қатаң сақталуы жөнінде ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын, өзге де санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында «Тазалық керуені» атты акциясын өткізілуде.
Акция төңірегінде Әйтеке би кентіндегі № 249 мектеп–лицей базасында аудан әкімдігінің, білім бөлімінің қызметкерлері, аудандық аурухана дәрігерлері, мейірбикелері, мектеп асханасын жалға алған кәсіпкерлер мен мектеп оқушыларының ата-аналарының қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шара барысында «Облыс көлеміндегі тағамнан улану мен жіті ішек инфекциясының эпиджағдайының күрделенуі», «Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен заңнама құжаттары», «Тағамнан уланудың және жедел ішек ауруларының алдын алу, республика көлемінде тіркелген топтасқан тағамнан улану жағдайы», «Жіті ішек ауруларының этиология, клиникасы және емдеу жолдары» тақырыптарда баяндамалар оқылды.
Акция соңында сұрақ-жауаптар беріліп, қатысушылар пікір алмасты. Аталған мектеп –лицейдің асхана жұмысымен танысу жүргізіліп, мектеп оқушыларына радиолекциялар оқылып, санитарлық-ағарту парақшалары таратылды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі