ҚАЗАЛЫДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ӨЗ ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТУДЕ
Аудан орталығында орнатылған 12 бейнебақылау камералары құқық бұзушылықты дер кезінде анықтау бағытында жұмыс істеп, тиімді тұстарын байқатуда. Осы себепті аудан әкімі Нажмадин Шамұратов камера санын одан әрі көбейтуді тапсырды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жаңа қондырғылар көше тәртібін бақылап қана қоймай, қылмыстың алдын алып, онымен тікелей күресте де өз нәтижесін арттырмақ. Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Бегалиев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылық пен қылмыстылықты болдырмау жөнінде баяндама жасап, бұл бағытта атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
«Қоғам тыныштығын сақтау - құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басты міндеті. Бұл қызметке қойылатын талап өте зор» деген аудан басшысы аймақтардағы учаскелік полиция инспекторларының жұмыстары қылмыс санын төмендетуге ықпал етуі тиістігін жеткізді. Сонымен қатар, олардың халықпен тығыз қарым - қатынаста жұмыс жасауын үйлестіруді тапсырды.