ҚАЗАЛЫДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАЛАНБАҚ
Қазалы ауданы әкімі Нәжмаддин Шамуратов «ҚЭТТК» АҚ Қазалы аудандық электр торабы мекемесінде болып, электр желілерін жаңалау жұмыстарын іске асыруды тапсырды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген азаматтар үшін бос жерлерге электр желілерін тартып, жағдай жасау қажеттігін де ескертті.
Аудан басшысы бұдан өзге халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған №6, №7 су айдау станцияларында да болып, жұмыс барысымен танысты. Және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім мен мұрағатта болып, салаларына қатысты бірқатар мәселелер жөнінде қызметкерлермен сұхбаттасты.