ҚАЗАЛЫДА КҮЗГІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫҢ 2 АЙЛЫҒЫ БАСТАЛАДЫ
Бұл туралы аудан әкімі Нажмадин Шамұратов санитарлық тазалыққа байланысты өткізілген жиында хабарлады. Қоршаған ортаны жайлы мекенге айналдыру үшін екі айлыққа белсене атсалысуға аудан басшысы.
Жиын барысында кент әкімі С.Аманов тазалыққа байланысты кент аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, кент аумағында орналасқан мекемелердің арасында ғимарат айналасын күтіп ұстап, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жақсы деңгейде ұйымдастырып отырған басшыларды атап өтті. Керісінше бар мүмкіндік болып тұрса да, бұл істе немқұрайлық танытып отырған мекеме басшыларының да бар екендігін жасырмады. Бұл жөнінде аудан әкімі Н.Шамұратов мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы қатаң бақыланатындығын ескертті. Және мекеме алдын абаттандыру жұмыстарын өз деңгейінде атқарып, өзгелерге үлгі болып отырған бірқатар мекеме басшылары мен тұрғындар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандық мәслихат депутаттары, кенттегі барлық мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, белсенді мұғалімдер және ірі кәсіпкерлік нысандарының басшылары өз көшелерінің санитарлық тазалығына жауапты ретінде бекітілді. Қазіргі таңда 154 адамның тізімі нақтыланды. Іс-шара жоспарына сәйкес, олар өз көшелерінде 6 бағыт бойынша жұмыс жасайтын болады: әр көше бойынша тазалықты қатаң бақылауға алу, жүргізіліп жатқан газ құбырына қосылу мәселелеріне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әскери міндетті азаматтардың қажет уақытында толық аудандық қорғаныс бөліміне баруына ықпал ету, мүлікті жария ету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын үйлестіру, тұрмысы төмен отбасыларын немесе жалғызбасты қарастығы жоқ азаматтарды анықтап, мүмкіндігінше көмек көрсету;қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру сынды 6 бағыт бойынша жұмыс жасайтын болады.
Жиында бұл бағыттар бойынша жұмысын бастап кеткен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Жанұзақ Қыз Жібек көшесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.