ҰЛТТЫҚ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ҚАЗАЛЫДА
А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығының дәрігерлері терапия саласының мамандары мен травматологтарға мастер-класс өткізді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Шара барысында бастапқы медициналық көмек деңгейінде науқастардың ауруларын анықтау және емдеу жолдары түсінідірілді. Мастер-класқа кардиолог, нефролог, гастроэнтеролог, пульмонолог, терапевт, травмотологтар қатысып, жетілдіру дәрістерін тыңдады. Орталық дәрігерлері аудан тұрғындарын қабылдап, кеңестер берді.
Аудан әкімі Н.Шамұратовтың қабылдауында болған Ұлттық хирургия орталығының бас дәрігері Жеткерген Әнесұлының айтуынша, мұндай шеберлік сағаттары барысында жергілікті дәрігерлер емдеудің заманауи тәсілдерін үйреніп, тәжірибе алмасуға жағдай туғызады және медициналық көмекті дамытуға ықпалын тигізетіні анық. Сонымен қатар, жергілікті медицинаның сапасын жетілдіруге мүмкіндік беріп, маңызды және күрделі емдеулердің қолжетімділігін арттырады.