ҚАЗАЛЫДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ КӘСІПКЕРЛЕР НЕСИЕНІ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ АЛАДЫ
Қазалы ауданында тұрақты кеңесте мүгедектердің өмір сапасын жақсарту мәселесі талқыланды. Талқылау барысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы сөз етілді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі Нәжмадин Шамұратов бұл мәселеге қатысты сала басшыларына мүгедектердің тыныс-тіршілігі салаларындағы объектілерге қолжетімділікті арттыруды, оның ішінде мекемелер алдында орнатылған пандустардың стандартқа сай келуін қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз етуді және оларды жұмыспен қамтуды үйлестіруді, кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында оларға 1-ші кезекте несие беруді ұйымдастыру туралы айтты.
Жиында сөз алған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ж.Жалғасбай денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сапасын жақсарту бағытында өткізілген және жоспарланып отырған іс-шаралар туралы баяндады. Қазіргі таңда аудан бойынша 2801 мүгедек бар. Жыл сайын бұл азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы жол белгілері орнатылуда.