ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР ЖЕҢІСІ
Қызылорда қаласында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өткен болатын. Абай шығармаларын насихаттау, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулу мақсатында өткізілген мүшәйраға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 14-25 жас аралығындағы 20-ға жуық ақындар қатысты.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақындардың өлеңдерін арнайы құрылған сараптама тобы іріктеп, өлеңдеріндегі сөз қолданысына, ұйқасына, ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне баса назар аударды. Нәтижесінде Қазалы ауданынан қатыстан жас ақындарымыз №25 мектептің 10-сынып оқушысы Дина Бөкебай ІІ орын, №91 мектептің 11-сынып оқушысы Елнұр Нұрқасым ІІІ орын және №97 мектептің 10-сынып оқушысы Сәулет Алдасберген арнайы жүлде иеленді.