ҚАЗАЛЫНЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР БОЛДЫ
Қазалы ауданының Лақалы ауылында Жанқожа батыр Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойы қарсаңында воллейболдан жарыс өткізілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа ауылдық клуб жанынан құрылған «Жігер» командасы, ауыл жастарынан құралған «Намыс» командасы және №93 мектеп жанынан құрылған командалар қатысып, қорытындысы бойынша ІІІ орынды «Намыс» командасы, ІІ орынды №93 мектеп командасы иеленсе, жарыстың жеңімпазы болып «Жігер» командасы танылды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Есбосыновтың мақтау қағазымен және арнайы кубоктармен марапатталды.
Сондай-ақ, Тасарық ауылында шағын футболдан жарыс өткізілді. Нәтижесінде командалар арасында ІІІ орынды «Алға», ІІ орынды «Жігер» командасы иеленсе, Басжүлдеге ауыл жастарынан құралған «Жастар» командасы табан тіреді.
Ауылдарда спорттық жарыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына «Қайнар» спорт клубы қоғамдық бірлестігінің спорт нұсқаушылары атсалысуда.
Шәкен ауылында да шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесінде ауыл жастарының арасында белсенділік көрсеткен «Арлан» командасы І орынға ие болды, ІІ орынды «Қайсар» командасы, ІІІ орын «Барыс» командасы иеленді.