ҚАЗАЛЫДА ӘЛЕУМЕТТІК САУДА ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ
Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазалы ауданында «Орын-Ай» ЖШС әлеуметтік сауда дүкенін ашып, халыққа қызмет көрсетіп келген болатын. Бүгінгі күні серіктестік жеке қаражатымен жаңа сауда орнын ашты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Сауда дүкенінің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Нәжмадин Шамұратов елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке айрықша көңіл бөлініп келе жатқандығын және оның бір дәлелі бүгінгі сауда орны екендігін айтты.
Мұнан соң аудан басшысы бастаған топ сауда орнын аралап көрді. Сауда дүкенінде халық тұтынатын азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылады. Сонымен қатар, серіктестік басшылығы сауда қызметін көрсету барысында тұрмысы төмен отбасыларды арзан өнімдермен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Айта кету керек, аталмыш сауда нысанын пайдалануға беру арқылы 5 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.