ҚАЗАЛЫДА ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫСҚАРТУ БОЛМАЙДЫ
Кеше Қазалы ауданы әкімі Нәжмадин Шамұратов бірқатар теміржол мекемелерін аралап, жұмыс барысымен танысты. Және сала басшыларымен кездесу жиынын өткізді. Аудан басшысы өз сөзінде бүкіләлемдік экономикалық дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарламалар мен жоба-жоспарлар басшылыққа алынып, елімізде экономикалық қиындықтардың алдын-алу іс-шаралары атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Бұл ретте жергілікті атқарушы билікке халықты жұмыспен қамту және жаңа өндіріс орындарын ашу жөнінде нақты тапсырмалар жүктелген, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Аудан басшысы теміржол мекемелерінің атқарған жұмыстары және алдағы жоспарларымен танысып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сала басшылары уақытша экономикалық дағдарыс кезеңінде мекемелерінде қиындықтың орын алмағандығын, кейбір мекемелердің жұмыс уақыты көлемін азайту шаралары ғана жүргізілгендігін баяндады.
Н.Шамұратов аталмыш салаға жаңа технологиялар енгізіп, қызмет көрсету саласында оңтайландыру шараларын жүргізуді тапсырып, теміржол саласына қатысты ешқандай қысқарту болмайтындығын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан көлемінде орналасқан теміржол саласына қарасты 16 мекемеде 3117 адам қызмет жасайды.