«БӘРІМІЗ ДЕ БІРДЕЙМІЗ» АТТЫ АУДАНДЫҚ КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз де бірдейміз» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өткізілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өнер додасына 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып, олар көркемсөз оқу, ән, күй, би, терме, аспапта ойнау жанрлары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Көркемөнерпаздар байқауы тартысты өтіп, жүлделі орындарға ие болған өнерпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, өнерімен ерекшеленіп көзге түскен бір топ талапкерлерге «Белсенді қатысушы», «Ең жас орындаушы», «Көрермен көзайымы» «Ең үздік орындаушы» номинациялары және ынталандыру сыйлықтары берілді.