ҚАЗАЛЫДА ӨТКЕН ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМДАР БАЙҚАУЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ
Тарихта талай сыннан сүрінбей өткен еліміздің ерлік жолын ұрпақ санасына сіңіре отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Сахна-ғұмыр» Қазалы аудандық театрландырылған қойылымдар байқауы өткізілді. Сайысқа 10-нан аса драма ұжымдары қатысып, қазақ хандығы тақырыбы аясындағы шығармаларды сахналады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Қазылар алқасы драма ұжымдары таңдаған шығармаларының мазмұнына, сахнаға дайындауына, орындау шеберліктеріне, музыкалық көркемделуіне, халыққа жеткізе білуіне, киім үлгілеріне және пайдаланылған декорацияларына баса назар аударды.
Нәтижесінде Бозкөл ауылдық мәдениет Үйі жанындағы драма үйірмесі байқаудың бас жүлдесін жеңіп алса, Өркендеу ауылдық клубы жанындағы драма үйірмесі бірінші орынды қанжығалады. Екінші орынды Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі жанындағы халық театры, үшінші орынды Қожабақы және Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйлері жанындағы дарама үйірмелері өзара бөлісті. Жүлдегер атанған өнер ұжымдарына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.