ҚАЗАЛЫДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Спорт кешені қажетті құрылғылардың барлығымен жабдықталған. Мұнда бір мезгілде 150-ден аса адамның жаттығуына мүмкіндік бар. Кешен Әйтеке би кентіндегі 5 квартал аймағында орналасқан.
Кешеннің ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова, облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, аудан әкімі Нәжмадин Шамұратов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов және облыстық, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімінң орынбасары Р.Кенжеханұлы мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының басты бағыттарының бірі жастардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасау екендігін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі ашылып отырған сауықтыру кешенінен тәрбиеленетін спортшылардың ел абыройын асқақтататына сенім білдіретіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов жиналғандарды кешеннің ашылуымен құттықтап, денсаулық кепілі спортпен айналысуға шақырды.
Спорт кешенінің лентасы қиылғаннан соң шара қонақтары соңғы үлгідегі спорт жабдықтарымен қамтылған кешеннің жұмысымен танысып, жас спортшылардың қойылымдарын тамашалады.
Аталмыш дене шынықтыру-сауықтыру кешені енді аудан жастарының салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық дәстүрлерді сақтауына тікелей әсер ететін орталық болмақ.