ҚР ПАРЛАМЕНТІ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары М.Бақтиярұлы мен Б.Еламанов және Парламент Мәжілісінің депутаты А.Тұртаев іс-сапармен Қазалы ауданында болды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудандағы Көларық, Арықбалық ауылдық округтерінде болып, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесті. Кездесуде халық қалаулылары Парламентте қабылданған бірқатар заңдарға тоқталып, түсініктеме берді. Сонымен қатар қоғамдастық мүшелерінің де ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесуден соң аудандық мәслихат депутаты М.Өтеевтің құрылысы жүргізіліп жатқан мал бордақылау алаңында болып, атқарылған жұмыстармен танысты. Содан соң аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу болып өтті. Кездесуде мәслихат депутаттары Ғ.Әліш, К.Бижанов, Ө.Түктібай өз сұрақтарын қойып, бірігіп жұмыс жасауға келісті.