ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы болып өтті. Оған кент, қала, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, аудан жастары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Нәжмәдин Шамұратов төрағалық жасаған кеңес отырысында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі талқыланды. Жұмыссыздықты азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жаппарберген Жалғасбай хабарлама жасады.
Дегенмен де, ауданда өз кәсібін ашып, өзімен қатар өзге жастарды да жұмыспен қамтып отырған жас кәсіпкерлер де жетерлік. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Әліби Әбиев баяндап, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жастар арасындағы өзге де мәселелерге тоқталған «Жастар ресурстық орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы Олжас Ахметов пен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Қуаныш бірқатар ұсыныстарын кеңес мүшелерінің назарына қойды. Күн тәртібінде қаралған мәселелерге орай аудан әкімі Н.Шамұратов тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.