ҚАЗАЛЫДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ГАЗ КІРГІЗУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдерінің Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті тұрғындарымен кездесу жиынында айтылды. Жиынға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның департамент директоры Б.Рахимов, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы облыстық өндірістік филиал директорының орынбасары Қ.Нұрлыбаев, Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Қаржаубаев және Әйтеке би кентінің тұрғындары қатысты.
Белгілі болғандай, жобаның әлеуметтік нысанаға бағытталғаны ескеріліп, қызмет бағасының қолжетімді болуы және кредиттік төлем арқылы жүзеге асуы жан-жақты зерделенген. Нәтижесінде тұрғындар көгілдір отынды тұрғын үйге кіргізу мәселесін «Хоум Кредит» банкі арқылы 10 пайыздық мөлшермен бөліп төлеу арқылы шеше алады.
Қамыстан салынған үйлер сұйық отын пайдаланудың заңдылықтарына сәйкес келмейді. Сондықтан, мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, үй жанынан 2х2 метр көлемде кірпіштен арнайы орын тұрғызылуы шарт екенін айтты.