ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІ БОЙЫНША ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ 70 ПАЙЫЗЫН ЖҮРГІЗГЕН
Кентішілік газ құбырларының құрылыс жұмыстарын жүргізуші «СпецГазМонтаж» ЖШС бүгінгі күнге Әйтеке би кенті бойынша газ құбырының 70 пайызын жүргізген. Бұл туралы жергілікті қауымдастық жиынында баяндалды.
Жиынды Әйтеке би кентінің әкімі С.Аманов ашып, жүргізіп отырды. Жалпы, газ тарату жұмыстары жоспар бойынша желтоқсан айында аяқталып, толық іске қосылуы тиіс. Дегенмен, тұрғындар өздерінің жеке тұрғын үйлерінің немесе кәсіпкерлік нысандарын газға көшіру үшін техникалық құжаттарын дайындауға асықпай отыр. Бұл мәселе туралы облыстық мәслихат депутаттары І.Тілеп пен Қ.Ысқақов тұрғындарға толығырақ түсіндіріп өтті. Газ құбырларын тұрғын үйлерге тарату ісімен айналысатын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өкілінің мәліметінше, газ желісіне қосылу жөнінде бүгінгі күнге 365 азаматтан өтініш түскен. Жиында бұдан өзге санитарлық тазалық, мүлікті жариялау мәселелері қаралды.