ҚАЗАЛЫДА КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУҒА ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕН 22,1 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Қазалыда каналдарды жыл сайын рет-ретімен тазалау жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл 3 каналды тазалауға, 3 каналдың жобасын дайындауға, насос сатып алуға және көптен шешімін таппай жүрген Ардана жарма каналын қалпына келтіруге облыстан 176 млн. теңге қаржы бөлінді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2014 жылы Мұратбаев ауылындағы Бектібай, Арандыдағы Аққолқа, Бозкөлдегі Қандыарық каналдарын тазартуға облыстық бюджеттен 22,1 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар Алға ауылдық округіне 7,4 млн. теңгеге су көтеретін насос сатып алынды.
Аранды ауылындағы Қарлаң, Қазалы қаласындағы Горсовет, Дәулетарық каналдарын тазарту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын дайындауға 3,9 млн. теңге бөлінді.