ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НЕСИЕГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ 2,4 ЕСЕ АРТТЫ
Биылғы алты айда қазалылық кәсіпкерлерге қаржы ұйымдары тарапынан 469 млн. теңге несие берілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттің қолдауы нәтижесінде соңғы жылдары аудан кәсіпкерлерінің несиеге қолжетімділігі арта түскен. Өткен жарты жылда кәсіпкерлер небәрі 196 млн. теңге несие алған болатын. Биыл 2,4 есе өсім байқалады.
Сонымен қатар елді мекендерде кәсібін ашып, несие алуға ниет білдіріп отырған кәсіпкерлер қатары көбеюде. Тек биылдың өзінде жалпы құны 1 млрд. 19 млн. теңгені құрайтын 132 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.