ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қазалы аудандық сотында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін атқару нәтижелері бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді, деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
Аталған іс-шараға аудандық соттың судьялары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сот төрағасы Қ.Темірбаев баяндамасында есепті кезеңде сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, жиналғандар сот ісін жүргізуде қолданысқа енгізілген жаңа қылмыстық заңнама, оның ішінде тергеу судьясының жұмысы, инновациялық технологиялардың қолданылуы, оңтайландыру тетіктері, сондай-ақ БАҚ-дарымен өзара байланыс туралы жан-жақты хабардар болды.
Іс-шара соңында БАҚ өкілдері өзекті сұрақтарға сот төрағасы мен судьялары тарапынан жауап алып, сот жұмысына өз ризашылықтарын білдірді.