ҚАЗАЛЫНЫҢ БЕКАРЫСТАН БИ АУЫЛЫНДАҒЫ БҰРЫНҒЫ АУРУХАНА ҚҰЛАУДЫҢ АЛДЫНДА ТҰР
Ауыл тұрғындары дәрігерге баруға құлықсыз «Денсаулық керуені» акциясы аясында Қызылорда облысының барлық аудандарын аралап, скринингтік тексеруден өткізген мамандар осыған көз жеткізді. Бұл туралы «Хабар» арнасының тілшісі хабарлады.
Денсаулық керуені Қазалы ауданының ең шалғай Бекарыстан би ауылына табан тіреді. Жүрек-қан тамыр, көз және қант диабеті ауруларын ерте бастан анықтау – негізгі мақсат. Дәрігерлер әлеуметтік маңызы бар ауру түрлерінің пайда болуына әсер ететін қауіпті факторларды анықтап, тексеруден дер кезінде өту керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ауылда 3 мыңға жуық тұрғын қоныс тепкен. Тағы бірнеше елді мекен жапсарлай орналасқан. Ауылдағы ағайын ауруханаға зар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көбінің аудан орталығына қатынауға қалтасы көтермейді. Оның үстіне Сырдариядан өтетін көпір жоқ. Қалқымалы өткел қыс түсіп, мұз қата бастағанда алынып тасталады, сонымен қатынас, тіпті қиындайды.
Бірнеше елді мекен тұрғындарына медициналық қызмет көрсеткен бұрынғы аурухана қазір құлаудың алдында тұр. Ал бірер жыл бұрын салынған емханадағы жалғыз дәрігерге кезекке тұрудан ауылдықтар қажыған.