ҚАЗАЛЫ МЕН АРАЛҒА ОРТАҚ ЕКІ КӨЛ СУЛАНДЫРЫЛАТЫН БОЛДЫ
Қазалы және Арал аудандарына ортақ Қотанкөл, Шөмішкөл көлдерін суландыру үшін Ардана жармасын қалпына келтіру мәселесі бес-алты жылдан бері шешімін таппай келген болатын.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жобаны қаржыландыруға биыл облыстық бюджеттен 142,5 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталды. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда Қотанкөл мен Шөмішкөл көлдері суландырылады. Балық шаруашылығын дамытуға және 1200 гектар шабындық жерден мал азығын дайындауға мүмкіндік туады.