ҚОРЫМДАР ҚОҚЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛҒАН
Қызылорда облысындағы 70 мыңдай тұрғыны бар Қазалы ауданында қоқыс тастайтын алаң жоқ. Сол себепті, аудан орталығы Әйтеке би кентінің оңтүстік беткейін тұтастай тұрмыстық қалдық басып қалған. Бұл туралы «24 кз» тілшісі хабарлады.
Тұрғындар бұл маңайда бейіттер барына қарамастан 15 жыл бойы толассыз қоқыс тастай берген. Үйілген таудай қалдықтар жан-жаққа шашылып, аудан экологиясына кері әсерін тигізгені аздай, кенттің шырайын бұзып тұр. Он жылдан бері көтерілген мәселе биылдан бастап шешіле бастады. Қазір коммуналдық мекемелер мен кәсіпкерлердің арнаулы техникалары бірлесіп, аумақты тазалауға кірісті. Енді қорымдар қоршалып, қалдық тастауға тыйым салынбақ. Типтік жобаға сәйкес, арнайы қоқыс алаңын салуға 22 млн. теңге қаржы бөлінген.
Қуаныш Сансызбаев,
Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары:
- 2005 жылдан бастап бұл мәселе айтылып, сол кезден бастап жерге шешім берілді. Бірақ құжаттар дайындау рәсімдері бүгінгі күнге дейін созылып тұр. Қазір енді экологиялық сараптамаға жолданып отыр.
Оң қорытынды алғаннан кейін тиісті құжаттар дайындалады, қаржы бөлінеді. Сосын жаңадан типтік жобадағы полигон салынатын болады.