ДАМЫҒАН ҚОҒАМДАҒЫ ТӘРТІП ПЕН ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ
Аудан әкімі Бахыт Жахановтың төрағалығымен өткен елді-мекендерде санитарлық тазалықты сақтауға арналған жиын өтті.
Кез келген елде тәртіп пен реттілік орнатудан, жинақы ауладан, таза көше және жарқын жүзді адамдардан дамыған қоғам құралады. Сол ел тұрғындары ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуі керек. Өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады.
Халық арасында тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру арқылы өлкеміздің тазалығы мен тәртібін ретке келтіре аламыз, ол үшін қоғам бір-бірін тәрбиелеу қажет деген аудан басшысы бірқатар тапсырмалар берді. Әр көшеге тазалықты сақтауға бағытталған бильбордтар орнату барысында қазіргі таңда көпшіліктің кең пайдаланатын «whatsapp» желісі арқылы ішкі істер қызметкерлерімен байланысуға жағдай бар екендігін хабарлауды тапсырды. Бұл арқылы әрбір тұрғын кез келген құқық бұзушылық туралы мәліметті фотосуретке, видеоға түсіріп, жібере алады.
Жиын барысында аудан орталығы Әйтеке би кенті бойынша тазалықты қамтамасыз ету бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасаған кент әкімінің орынбасары Қуаныш Сансызбаев жыл басынан бері ұсталған 159 азаматтың 70-не айыппұл салынғандығын жеткізді. 37 азаматқа ескерту берілген.
Аудан басшысы бұл жұмыстарды одан әрі күшейтуді қатаң тапсырды.
Сонымен қатар, кент аумағындағы санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына жастардан құралған «Жасыл ел» еңбек жасағының 30 мүшесі жұмылдырылып, қазіргі таңда кенттің орталық көшелеріндегі аяқ су арықтарын тазалу жұмыстарын атқаруда. Бұл туралы аудан басшысы «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмыстарын тиімді үйлестіруді тапсырды.