ҚАЗАЛЫДА ҮЗДІКТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Аудан әкімі Бахыт Жаханов ауданның мақтанышы болып, білім бәйгесінде жарып шыққан «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерін қабылдады.
Аудан басшысы: «Біздің және ұстаздар мен ата-аналардың арманы – ұл-қыздарымыздың азамат атанып, ауданға ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанға абыройлы еңбек еткенін көру. Ал, жас түлектердің арманы – қалаған жоғары оқу орындарына түсіп, мектептен алған білімдерін жалғастыру. Сіздердің армандарыңыздың орындалуы үшін бірінші кезекте білім жолында тынымсыз талпыныс, үздіксіз ізденіс қажет деп есептеймін. Бұл – біздің бүгінгідей жаңалығы желмен жарысқан заманның басты талабы. Осыны естен шығармағайсыздар» - деп «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне қалаған жоғары оқу орындарына түсіп, кәсіби мамандық иесі атанып, еліміздің дамуы жолында еңбек етеді баршаның сенімін білдіре отырып, аудан әкімінің құттықтауы мен планшет сыйлығы табыстап, түлектерге ақ жол тіледі.
Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ерекше еңбек сіңірген мектеп ұжымдарын аудан әкімінің Алғыс хаты мен мектеп директорларына өз қалаған шипажайларына жолдама табысталды.
Жалпы, үлкен құрметке ие болған түлектердің бұл кеште қуанышында шек болмады. Мұнан әрі, мектеп директорлары мен ата-аналар өз тілектерін жеткізсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов түлектерге болашаққа деген ақ батасын берді.
Осылайша, әсем ән мен көркем би өрілген кештің ізгі тілектері толассыз жалғасып, өз мәресіне жетті.
Айта кетейік, Қазалы ауданы бойынша Биылғы оқу жылында біздің ауданнан 756 түлек орта білім алғандығы жөнінде аттестат алады. Олардың 466-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, өздерінің білімдерін сынаған болатын.
ҰБТ көрсеткіші былтыр /2014 ж./ 75,2 пайыз болса, биыл /2015 ж./ 82,2 пайыз болды. «Алтын белгіге» үміткер 24 оқушының 21-і және 4 оқушы «Үздік аттестатқа» өз білімдерін қорғап шықты. Ең жоғарғы 119 балл жинаған №249 мектеп-лицей оқушысы Едіге Әлихан, №94 орта мектептен Байтуған Алтынай «Алтын белгі» иегері болды.