ҚАЗАЛЫДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН АУЛА КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Қазалыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аула клубы ашылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты рәсімге аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Мақашов, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Досхана Қырымов, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тұрымов Ерболат қатысты.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс. Бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз», - деген болатын. Аула клубының ашылуы – жолдаудан туындайтын міндеттердің жүзеге асырыла бастағанының дәлелі.
Қонақтар лентасы қиылған аула клубының бөлмелерін аралап, жұмыстарымен танысты.