ҰЛЫ ЖЕҢІС МАЙДАНГЕРІ 95 ЖАСТА
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне сай келген Қазалы қаласының тұрғыны майдангер Абдуллин Шариф 95 жасқа толуда.
Қазіргі уақытта Байқоңыр қаласында баласының үйінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Абдуллин Шарифтің отбасына Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов арнайылап барды.
«Ел мүддесі жолындағы еселі еңбегіңіздің зейнетін көріп, әрдайым арамызда ақылшы аға, ардақты азамат, абыройлы ақсақал болып аман-есен жүре беріңіз» - деген облыс әкімі Қ.Көшербаевтың құттықтау хатын табыстап, сый құрмет көрсетті.
Аудан басшысы жыл бойы ауданда атқарылған жұмыстарын айта отырып, алдағы уақытта атқарылар жоспарларымен бөлісіп, «Алдағы уақытта да жұмыс ауқымы көбейетінін, енді бар күшімізді, ауданның өсіп-өркендеуіне жұмсайтын боламыз.
- Ортамызда Сіздердей елді ауызбіршілікке шақырып отырған ардагерлерімізге шексіз алғысымды білдіремін, ендігі ғұмырыңызда ұл-қыздарыңыз бен немере-шөбереңіздің қызығын көріңіз, – деді.
Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан мерейтой иесі ғасырға жуық ғұмырында талай асудан мұқалмай өтіп, еңбек майданында қызмет еткен. Ардагер ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды қолдайтынын айтып, өз пікірін білдіре отырып, ақ батасын берді.