58 ЖЫЛ ТАРИХЫ БАР ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕДІ
Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын тиімді ұйымдастыру барлық деңгейдегі лагерлердің басты міндеті болса, сондай үлкен жауапкершілікпен жұмыс атқарып отырған Қазалы ауданындағы «Шағала» балалар сауықтыру демалыс орталығы.
58 жыл тарихы бар «Шағала» демалыс орталығы бүгінде сан мыңдаған балалардың рухани дамуына өз үлесін қосып келеді. Жыл сайын жазғы демалысты асыға күткен тынығушыларымыз биылғы жылы да бақытты балалық шақтың мекеніне айналған демалыс орталығына ерекше ықыласпен жиналды.
«Шағала» демалыс орталығында2015 жылғы жазғы демалыс мауысымының ашылу құрметіне арналған «Армысың, әз Шағала- балалық шақтың мекені» атты мерекелік ашылу салтанаты өтті. Салтанатты мерекеге аудандық білім бөлімінің мамандары, тынығушы оқушылардың ата-аналары, мектеп басшылары қатысты.
Аудандық білім бөлімінің бас маманы Мұратбай Әбубәкір тынығушы оқушыларды жазғы демалыс маусымының ашулы салтанытымен құттықтап, алдағы тынығу ауысымына сәттілік тіледі. Өз кезегінде сөз алған ата-ана Күнқияш апай жазғы демалыс мауысымын ұйымдастыруға атсалысқан ел ағаларына, аудандық білім бөліміне алғысын жеткізді. Салтанатты кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, өнерлі оқушылар әннен шашу шашса, биші қыздар мерекелік кешті бимен өрнектеді.
Өркениетке қадам басқан еліміздің өскелең ұрпаққа деген қамқорлығының бір саласын жүргізіп отырған тәрбие мен білім ордасы мектеп қабырғасынан жаз көлемінде демалысқа шыққан балалардың тынығар жері аудандағы «Шағала» лагері қазіргі таңда ата-аналар мен тынығушы балалардың үлкен сұранысына ие.
Жаз мезгіліндегі демалысы мен сауықтырылуын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бар ынта-жігерін арнаған лагерь ұжымы жаз бойы аудан балаларына қалтқысыз қызмет жасауға даяр.