БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің жанынан «Болашақ» тынығу лагері өтуде. Мектеп жанындағы «Болашақ» лагері 2 ауысымда жұмыс істеп, 120 оқушы демалуда.
«Бақытты балалық шақ» атты лагердің ашылу салтанаты ұйымдастырылып, мектеп директоры Болат Жолтаев құттықтау сөз сөйлеп, соңында мерекелік дастархан дайындалып, жеке кәсіпкер Аққағаз Жанаеваның демеушілігімен лагерь тынығушыларына арналған шағын қажетті құрал-саймандар табыс етілді.
«Болашақ» тынығу лагерінің демалушылары екі топқа бөлініп, ауысымның әр күніне ат қойылып, жұмыстар жасалды.
«Шуақты күн», «Қауіпсіздік күні», «Рәміздер күні», «Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні», «Достық және мейірімділік күні», «Өлкетану күні», «Ерлік күні», «Театр күні», «Күлкі күні» деп аталып отырды.
Одан кейін Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы тарихи-мемориалдық музейіне саяхат жасап, Қарасақал Ерімбет саябағына демалып, Ғанибайдың үйі, Орталық мешіт үйі, М.Горький атындағы кітапхана, №16 мектептің көне ғимараттарымен таныстырылды.